Соңғы екі жыл көлемінде қазақ тілін Еуропалық стандарттар негізінде оқытудамыз. Бірінші гимназия аталмыш жүйе оқу бағдарламасына енбеген кездің өзінде-ақ өз жұмысын бастап кеткен болатын. Оның айғағы, 2009 жылы Алматы қаласында өткен республикалық ғылыми-практикалық конференциясында біздің мектебіміз облыс атынан шығып, осы бағытта өз тәжірибесімен бөлісіп, мұғалімдер қауымдастығының жоғары бағасына ие болды.