Сайт создан на конструкторе ASIA.KZ - Создайте и Вы себе сайт бесплатно!
Контактная информация: Тел.: +7 (--) -------    Email:
 

Құрметті сайт қонақтары! Осы сайт СҚО Петропавл қаласындағы Бірінші гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының мұғалімдері сіздермен білім беру кеңістігінде  өзара тәжірибе алмасу, ата-аналар мен оқушыларды мектеп өмірімен хабардар ету мақсатында құрылған. Алдағы уақыттарда өздеріңізбен бірге осы сайтта тығыз байланыса аламыз деген сенімдеміз. Ұсыныстарыңыз бен талап-тілектеріңізді сайттың төменгі жағындағы мекен-жайы бойынша білдіре аласыздар.

 

 E-Learning электрондық оқыту жүйесі арқылы оқыту. Бірінші гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының ұстаздары өз сабақтарында қазақ тілін E-Learning  электрондық оқыту жүйесі бойынша  Joy-class бағдарламасы арқылы  оқытып  жатыр. 

+ подробнее

Жылына екі  рет  Бірінші гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының ұстаздары қалалық жас мұғалімдеріне арналған "Жас мұғалімдер семинарын" ұйымдастырып өткізеді. Дәстүрге айналған семинарларда кафедраның үздік ұстаздары жиналған жас мамандар қауымымен мол тәжірибелерімен бөлісіп, әдістемелік көмек ұсынып, сабақтарын көрсетуде. Келесі ЖМС 2015ж. 18 ақпанда өткізілмек.

+ подробнее

Кафедра ұстаздары "Коллеги" интернет-журналының белсенді қатысушылары ретінде жыл сайын бір қатар дидактикалық материалдарын құрастырып жариялайды.Оның ішінде: сабақтар мен  шаралардың  жоспарлары, мақала мен баяндамалар кірген

+ подробнее

Шеберлік-сынып

Шегірова Зейнеп Қамбарқызы - жоғары біліктілік деңгейдегі бірінші санатты мұғалім.

Зейнеп Қамбарқызы 2012ж. қазанның 1-нен желтоқсанның 25-не дейін Алматы қаласындағы «Өрлеу» біліктілік арттыру ұлттық орталығында  Кембридж университетінің  бағдарламасы жүйесінде ұйымдастырылған 2 деңгей бойынша  үш айлық курстан оқып келді. Мұғалімдердің сынақтарын Кембридж университетінің оқытушылары қабылдаған.  Курста мұғалім пәнді оқытудағы жаңа инновациялық технологияларды пайдаланудың тиімді жолдары туралы теориялық білім алған. Бүгінгі күні мұғалім   өз сабақтарында курстан алған  білімдерін кеңінен қолданып, ай сайын әріптестеріне коучинг-сессия мен шеберлік-сыныптарын өткізуде.

 
Пожаловаться на сайт